БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУЫ:НЕГІЗГІ 4 ТАЛАП
Білім беру ұйымының өзін-өзі бағалауы бойынша мемлекеттік аттестаттау аясында мектептің өзін-өзі бағалауын дайындауда қандай тармақтарды жіберіп алмау керек және не нәрсеге баса назар аудару керек:
Бұл жерде мемлекеттік аттестаттау аясында мектептің өзін-өзі бағалауына дайындық бойынша кейбір нұсқаулықтар және білім беру ұйымының дамуын басқару стратегиясын таңдау үшін өзін-өзі бағалау нәтижелерін одан әрі пайдалану туралы ұсыныстар берілген.
Жалпы білім беретін мектептің табысты жұмысы тұтынушылардың қанағаттанушылығын арттыруға бағытталған өз қызметін үнемі жақсартусыз мүмкін емес. Сонымен қатар, қол жеткізілген жағдайды мерзімді талдаусыз, сондай-ақ даму басымдықтарын белгілеусіз қызметті жетілдіру мүмкін емес. Осындай талдау нәтижелеріне сүйене отырып, қызметті жақсартудағы келесі қадамдарды белгілеуге және жүзеге асыруға болады. Бұл талдау сапаны басқарудың заманауи тәжірибесінде «өзін-өзі бағалау» деп аталды.
2021 жылғы қыркүйектен бастап еліміздің барлық мектепке дейінгі ұйымдарында, мектептерінде, колледждерінде және әскери, арнаулы жоғары оқу орындарында мемлекеттік аттестаттау енгізілді.
Мемлекеттік аттестаттау МЖМБС талаптарының сақталуын бақылау және білім беру ұйымдарына әдістемелік көмек көрсету мақсатында профилактикалық бақылау нысанында өткізіледі.
Мемлекеттік аттестаттау аясында оқушылардың білім срездері, ата-аналарға сауалнама жүргізу, білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауы және т. б. қарастырылған.
Білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауы ұйым қызметіне мониторинг жүргізудің халықаралық практикасында кеңінен пайдаланылады және өзінің білім беру практикасын жетілдіруде ұйымдардың дербестігі мен тәуелсіздігін ынталандыруға бағытталған.
Өзін-өзі бағалау және оны іске асыру рәсімін басқару бойынша құқықтық база (бұл құжаттар папкаға бөлек салынды.)
1. «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2016 жылғы 2 ақпандағы № 124 бұйрығы
2. «Білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауын ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 10.09.2021 ж. № 700 бұйрығы
3. «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы
4. «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы (16.09.2021 ж. өзгертулермен)
Ұйымның өзін-өзі бағалау тәсілдерін талдау келесі маңызды жақтарын бөліп көрсетуге мүмкіндік береді:
ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
Өзін-өзі бағалау сұрақтарына жауап алу үшін белгілі бір ақпараттық жүйе – 3 кезеңнен тұратын бақылау жүйесі қажет.
1. Ұйымдастырушылық (дайындық) – мақсатты, затты, субъектіні, объектіні анықтау, мерзімдерді белгілеу.
2. Диагностикалық-құралдарды әзірлеу, белгілі бір өлшемдер мен көрсеткіштерге сәйкес ақпарат жинау.
3. Аналитикалық-ақпаратты жүйелеу: талдау, қорытындылар, болжамдар, ұсыныстар.
ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ МЕН ОБЪЕКТІЛЕРІ:
Мониторинг жүйесін бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына бағалау өлшемшарттарын негізге ала отырып құруға болады.
I. ОҚЫТУ НӘТИЖЕЛЕРІНЕ БАҒДАРЛАНА ОТЫРЫП БАСТАУЫШ, НЕГІЗГІ ОРТА ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМНІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰНЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
1. Білім беру ұйымының жылдық жұмыс жоспарының МЖМБС талаптарына айқындалған жалпы орта білім берудің базалық құндылықтары мен міндеттеріне сәйкестігі және болуы.
Мектептің жылдық жұмыс жоспарына қойылатын талаптар «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2020.06.04 № 130 бұйрығында (2021.16.09 өзгертулермен) айқындалған. Жоспарда мектептің МЖМБС-ті іске асыру қызметі айқындалуы тиіс.
Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, жаңартылған бастауыш білім беру мазмұнына қойылатын талаптар
Бастауыш білім берудің мақсаты мынадай кең ауқымды дағдылар негіздерін меңгерген білім алушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен дамуына қолайлы білім беру кеңістігін жасау болып табылады:
Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, жаңартылған негізгі орта білім беру мазмұнына қойылатын талаптар
Негізгі орта білім берудің мазмұны мынадай бағдарларды ескере отырып айқындалады:
Негізгі орта білім берудің мазмұны мынадай бағдарларды ескере отырып айқындалады:
Негізгі орта білімнің мақсаты – тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыру, тұлғаны қоғам өміріне бейімдеу, кәсіпті, мамандықты саналы түрде таңдауға және меңгеруге негіз жасау, оның ішінде білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескеру.
Негізгі орта білім берудің негізгі міндеттері білім алушылардың:
Негізгі орта білім берудің мазмұны оқу нәтижелеріне бағдарланады және Стандарт талаптары негізінде әзірленетін оқу пәндерінің оқу бағдарламаларымен айқындалады.
Негізгі орта білім берудің мазмұны мынадай бағдарларды ескере отырып айқындалады:
Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып жалпы орта білімнің жаңартылған мазмұнына қойылатын талаптар
Жалпы орта білім беру білім берудің барлық деңгейлеріне ортақ болып табылатын және білім алушы тұлғасының мінез-құлқы мен қызметін ынталандыратын өмірлік тұрақты бағдарлары болуға арналған білім алушылардың бойында ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дарытуға бағытталған.
Жалпы орта білім берудің мақсаты: кең ауқымды дағдыларды дамыту негізінде білім алушылардың жоғары оқу орындарында білімін жалғастыруы және кәсіби өзін-өзі анықтауы үшін академиялық дайындығын қамтамасыз етуге қолайлы білім беру кеңістігін жасау болып табылады:
Жалпы орта білім берудің негізгі міндеттері:
Білім алушылардың жобалық және зерттеу іс-әрекеттерін дамытуда жүйелілікті қамтамасыз ету білім беру ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастырудың негізгі қағидаларының бірі болып табылады.
Жалпы орта білім берудің базалық мазмұны үштілді білім беру саясаты шеңберінде іске асырылады. Мақсаты кемінде үш тілді меңгерген, қызметтің әртүрлі саласында үш тілде диалог жүргізе алатын, өз халқының мәдениетін бағалайтын, басқа халықтардың мәдениетін түсінетін және құрметтейтін көптілді тұлға – Қазақстанның азаматын қалыптастыруға негізделеді.
Үштілді білім беру іс жүзінде:
2. Білім беру ұйымының басшысымен бекітілген жұмыс оқу жоспары мен сабақтар кестелерінің болуы және ҚР БҒМ 2012.08.11 № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі –ҮОЖ) және МЖМБС талаптарына сәйкестігі.
ЖОЖ мониторингінің кестелері (бөлек папкаға салынды)
3. ҚР БҒМ 03.04.2013 ж. № 115 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламаларына (бұдан әрі – үлгілік оқу бағдарламалары) сәйкес жүзеге асырылатын инвариантты компоненттің жалпы білім беретін пәндерінің базалық мазмұнын игеру.
Дәл алдыңғы тармақтағы сияқты кесте, тек жылдар бойынша қолданылатын оқу бағдарламасы көрсетіледі.
ҮОЖ мониторингінің кестесі (бөлек папкаға салынды)
4. Білім алушылардың субъективті жаңа білімді тануы мен меңгеруі мәселелерін шешуге, ұлттық дәстүрлерді, мәдениетті зерделеуге және жалпыадамзаттық құндылықтарды дарытуға бағытталған тәрбие жұмысын іске асыру.
Тәрбие жұмысы мониторингіне арналған кестелер. (бөлек папкаға салынды)
Үйірме және секциялық жұмыстың нәтижелерін (оқушылардың түрлі зияткерлік конкурстарға, олимпиадаларға, шығармашылық және спорттық жарыстарға қатысуы мен жеңістері) кестеге енгізіңіз.
Оқу жылы |
Оқушы саны |
Аудандық |
Облыстық |
Республикалық |
халықаралық |
2018-2019 |
|
|
|
|
|
2019-2020 |
|
|
|
|
|
2020-2021 |
|
|
|
|
|
2021-2022 |
|
|
|
|
|
2021-2022 |
|
|
|
|
|
Республикалық және халықаралық спорттық және шығармашылық конкурстардағы, зияткерлік олимпиадалар мен конкурстардағы жеңімпаздардың үлесі аттестатталатын кезең ішінде жиынтықталып есептеледі.
5. Білім алушылардың жеке мүдделері мен қажеттіліктерін ескере отырып, бейінді оқытуды іске асыру (оқытудың тереңдетілген және стандартты деңгейі)
Бейіналды оқыту шеңберінде 8–9-шы сыныптарда кәсіптік бағдар беру бойынша жүргізілген жұмыстар ескеріледі. Бұл бағыт 9-шы сынып түлектері 10-шы сыныпта одан әрі оқуды немесе колледждерде білімін жалғастыруды шешуі үшін қажет. Осы жұмыстың нәтижелері 9-шы сынып түлектерін жұмысқа орналастыру қорытындыларында көрсетіледі.
|
2018-2019 |
2019-2020 |
2020-2021 |
2021-2022 |
Түлек саны |
|
|
|
|
Оқуын ТжКБ да жалғастырады |
|
|
|
|
Оқуын мектепте жалғастырады |
|
|
|
|
% мектепте жалғастырады |
|
|
|
|
Мектеп түлектерінің білім сапасы
Оқушылардың білім алуының, мектеп жұмысының табыстылығының көрсеткіштерінің бірі жоғары және орта арнаулы оқу орындарына түсу болып табылады.
Оқу жылы |
Түлек |
Білім сапасы |
Үздік аттестат |
Алтын белгі |
2017-2018 |
|
|
|
|
2018-2019 |
|
|
|
|
2019-2020 |
|
|
|
|
2020-2021 |
|
|
|
|
2021-2022 |
|
|
|
|
Түлектердің жоғары оқу орындары мен колледждерге түсуі
Оқу жылы |
Түлек сны |
Ұбт-ға қатысыты конкурсқа қатысу үшін |
Қатысу% |
Түскені |
түскені |
||||
ЖОО |
КОЛЛЕДЖ |
грант |
|||||||
Саны |
% |
Саны |
% |
Саны |
% |
||||
2018-2019 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2019-2020 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2020-2021 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2021-2022 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Орта есеппен |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
10-11 сыныптардағы бейіндік оқыту пәндері бойынша түлектердің түсу нәтижелілігі орта есеппен жоғары оқу орындарына 65 %-ды және колледждерге 22 %-ды, оның ішінде грантқа 34 %-ды құрайды. Бұл қолданбалы курстар мен таңдау курстарының іске асырылатын бағдарламаларының тиімділігін дәлелдейді. Білім беру гранты мен бюджеттік орындар бойынша түлектердің түсуі еңбек нарығының нақты қажеттіліктерін ескере отырып, оқытуды дараландыруға және білім алушылардың кәсіби бағдарлануына бағытталған бейіндеудің маңыздылығын көрсетеді.
6. Инклюзивті білім беру кезінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, жеке оқу жоспарын және жеке оқу бағдарламасын іске асыру.
Әр оқу жылына екі кесте жасаңыз.
1. Мектепте оқитын БСЕ бар балалар туралы ақпарат.
2. Үйде оқитын БСЕ бар балалар туралы ақпарат.
Үйде балалармен жұмыс істейтін мұғалімдер туралы ақпарат.
Үйде оқыту сабақтарының кестесі. Балалар үйде оқитын бағдарламалар.
7. Таңдау бойынша курстарды және үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылатын вариативті нұсқалық компоненттің факультативтерін іске асыру. («Күнделік» ЭЖ жүйесінде шоғырланған)
8. «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері»міндетті оқу курсын оқу. («Күнделік» ЭЖ жүйесінде шоғырланған)
9. «Жол қозғалысы ережелері»міндетті оқу курсын іске асыру. («Күнделік» ЭЖ жүйесінде шоғырланған)
10. Тиісті бейіндер бойынша педагогикалық білімі бар немесе педагогикалық қайта даярлаудан өте отырып кәсіптік білімі бар ОЖЖ пәндеріне сәйкес педагогтердің болуы (білім беру және тарифтеу тізімі туралы құжат көшірмелері қоса беріледі)
1-кесте. Осы кестеде тиісті деңгейдегі педагогтердің жалпы санынан лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын жоғары және бірінші санаттағы педагогтердің, сарапшы педагогтердің, зерттеуші педагогтердің, шебер педагогтердің үлесін көрсетіңіз.
Мұғалімдерді аттестаттау кезеңінде жұмыс өтілі бойынша бөлу:
Педагог кадрлардың сапалық құрамы
2-кесте. Кестеде білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен конкурстар мен жарыстардың аудандық және/немесе облыстық кезеңдерінің жеңімпаздарын және/немесе соңғы бес жылдағы Республикалық конкурстар мен жарыстардың қатысушылары мен жеңімпаздарын дайындаған педагогтерді көрсетіңіз.
Мұғалімдердің марапаттары
БҒМ 124 бұйрығына қосымшада біліктілікті арттыру туралы мәліметтер.
11. Материалды-техникалық база (124 бұйрыққа қосымшаларда)
Назар аудару керек! Ұлттық білім беру базасындағы статистикалық деректердің өзін-өзі бағалау материалдарында көрсетілген білім беру ұйымының нақты деректеріне сәйкестігі.
II. БАСТАУЫШ, НЕГІЗГІ ОРТА ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰНЫ БОЙЫНША БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖҮКТЕМЕСІНІҢ ЕҢ ЖОҒАРЫ КӨЛЕМІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР (ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЖУРНАЛ, ТАРИФТЕУ ТІЗІМДЕРІ БОЙЫНША)
Бұл бөлімде тексеру қажет
III. БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
Маңызды жаңалықтарды жіберіп алмау үшін электрондық пошта мекенжайын тексеріңіз!
IV. ОҚУ МЕРЗІМІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР: (ЭЛЕКТРОНДЫ ЖУРНАЛ БОЙЫНША)