Текст
Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Жас ұстаз - ел болашағы» байқауы өткізілді.
Негізгі мақсаты және міндеттері -кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар ұстаздардың мәртебесін арттыру және олардың
шығармашылық әлеуетін ынталандыру, балаларды оқыту мен тәрбиелеуде мүмкіндіктерді кеңейтетін ерекше педагогикалық идеялар табу. Осы байқауға мектебімізден жас педагог, ағылшын тілі пәні мұғалімі Сартаева Салима Муратовна қатысты. Комиссия шешімімен Салима Муратовна үздік деп танылып жүлделі 1-орын иеленді және 250.000 товарлық сыйлықпен марапатталды. Құттықтаймыз!