Текст
Целиноград ауданы Төңкеріс ауылының ЖОББМ КММ медбикесі Кикимова М.Ф. 1-11 сынып оқушыларына Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне күніне орай алдын алу жөнінде іс-шара өткізді. Іс-шара барысында жоғары сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оқушыларға профилактикалық шаралар, туберкулездің алғашқы белгілері, уақытында медициналық көмекке
жүгінудің маңызы және уақытында емделудің тиімділігі туралы ақпарат берілді. Оқушылар диктант жазып, сурет салды.