"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Төңкеріс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Төңкеріс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Біз әлеуметтік желідеміз

 - Facebook

 - Instagram 

   - YouTube

 
Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ақмола облысы Целиноград ауданы Төңкеріс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің 2022 жылдағы мемлекеттік қызмет көрсетуінің жүргізілуі туралы

«Ақмола облысы Целиноград ауданы Төңкеріс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің 2022 жылдағы мемлекеттік қызмет көрсетуінің жүргізілуі туралы

Есебі

  1. Жалпы ережесі
  1. Көрсетілетін қызмет берушілер туралы мәліметтер: «Ақмола облысы Целиноград ауданы Төңкеріс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Заңды мекен-жайы: Ақмола облысы Целиноград ауданы Төңкеріс ауылы, А. Байтұрсынұлы 4

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтер:

Төңкеріс ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде  мемлекеттік қызмет бойынша  қызмет көрсетілді:

1. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау. (2022 жылы көрсетілген қызмет – 31)

-соның ішінде электронды түрде - 24 қызмет;

-қағаз түрінде - 7 қызмет.

2. Денсаулығы бойынша ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларды үйде тегін жеке оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау. 2022 жылы көрсетілген қызмет – 1

-соның ішінде электронды түрде - 0 қызмет;

-қағаз түрінде - 1 қызмет.

3. Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру. (2022 жылы көрсетілген қызмет – 2;)

-соның ішінде электронды түрде - 0 қызмет;

-қағаз түрінде - 2 қызмет.

4. Жалпы білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыруға құжаттарды қабылдау. (2022 жылы көрсетілген қызмет – 18)

-соның ішінде электронды түрде - 5 қызмет;

-қағаз түрінде - 13 қызмет.

Білім саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

      

3) Білім беру саласындағы ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыруға құжаттарды қабылдау» - (2022 жылы -18;)

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» – (2022 жылы – 31)

 

2. Қызмет алушылармен жұмыс:

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Қызмет алушылар үшін барлық қажетті ақпарат Төңкеріс ауылының жалпы білім беретін мектебінің ресми интернет ресурсында "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары мен ережелері бар. Сондай-ақ, мектепте ақпараттық стендте мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоғамдық талқылау туралы ақпарат.

Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында жүзеге асырылады.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

2) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді актілердің және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоғамдық талқылау туралы ақпарат.

Қазіргі уақытта ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында заңға тәуелді актілердің жобаларын қоғамдық талқылау жүргізілуде.

3) Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндірме жұмыстары, сұхбаттар және т.б.).

2022 жылға Төңкеріс ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде ай сайын бұқаралық ақпарат құралдары, қызмет көрсетушілердің интернет-ресурстары арқылы халықты мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар.

1) Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында мектеп Akmola.kz бірыңғай ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді. Жүйе 2 автоматтандырылған мемлекеттік қызметті жүзеге асырады.

Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап ҚР Білім және ғылым министрлігінің ҚР БҒМ АРМ ГУ жүйесі жұмысі стейді, онда 3 мемлекеттік қызмет қол жетімді.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар:

Мемлекеттік қызметті қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген, мемлекеттік қызмет көрсету саласында біліктілігін арттыру курстарынан өткен қызметкерлер бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

1) көрсетілетін қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдары туралы мәліметтер:

2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижелері:

Қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша 2022 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу фактілері анықталған жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы бұзушылықтардың алдын алу шаралары жүргізілуде.

5. Көрсетілетін қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру және одан әрі тиімділік перспективалары:

2023 жылы білім басқармасы мен ведомстволық бағынысты ұйымдар жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырады.

 

Мектеп директоры: Шакиров А.Т.

 

EGOV бұрышы

Жұмыс уақыты:

09:00 – 17:00


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 24.02.2023 19:10
Құрылған күні: 27.02.2023 17:47

Текст