Текст
"Білім күні" аясында , "Мектебім-мейірім мекені "тақырыбында алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді.Салтанатты жиын мектеп спортзалында сағат 10.00-де басталды. Жиын қонақтары ардагер ұстаздарымыз Гулжихан Максутовна, Ғабдулһаким Нуртаевич қатысты. Келген қонақтар 1 сынып оқушыларына жылы лебіздерін білдіріп, жаңа оқу жылымен құттықтады. Мектеп директоры Шакиров А.Т Білім күніне орай мектеп ұстаздарын құрмет грамотасымен марапаттады.11-сынып оқушысы Акшалов Бауыржан 1-сынып оқушыларына «Әліппе» оқулығын табыс етті. Алғашқы қоңырауды 11-сынып оқушысы Акшалов Бауыржан мен 1-сынып оқушысы Сулейменова Айза соқты. Іс-шара өз деңгейінде өтті.