Текст
«Қамқор» жобасы аясында 4-6 сынып оқушылары әкесімен бірге құстарға арналған қоректендіргіштер мен құс үйлерін дайындау іс-шарасына қатысты. Іс-шараның мақсаты: оқушылар мен ата-аналарды табиғатты қорғауға, жануарларға қамқорлық жасауға баулу, шығармашылық пен қолөнер дағдыларын дамыту. Әкесі мен ұлы бірге жұмыс жасап, өздері жасаған құс үйлері мен қоректендіргіштерді мектеп ауласына орналастырды. Бұл іс-шара арқылы қыста құстарға азық көзі қамтамасыз етілді және отбасы арасындағы байланыс нығая түсті.