Күзгі демалыс уақытында оқушылардың қауіпсіздігін сақтау, төтенше жағдайлардың алдын алу.
27 қазан күні мектеп оқушыларына күзгі демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Іс-шара барысында келесі маңызды қауіпсіздік ережелері түсіндірілді:
1. Су айдындарына (көл, өзен, арна) баруға және шомылуға болмайтындығы, мұз қатпаған жағдайда мұз бетіне шығуға қатаң тыйым салынатындығы;
2. Көлік құралдарын (автокөлік, мотоцикл, скутер) басқаруға тыйым;
3. Тұрмыстық техника мен электр құралдарын қолданудағы қауіпсіздік шаралары;
4. Кешкі уақытта ата-анасыз далада жүрмеу туралы ескерту;
5. Жолда жүру ережелерін сақтау қажеттілігі;
6. Тоғай, орман және шет аймақтарға жалғыз бармау туралы нұсқаулық;
7. От жағуға және тыйым салынған жерлерге бармауға шақыру;
8. Қауіпті жағдай туындаған жағдайда дереу ата-анаға немесе үлкендерге хабарлау міндеті;
9. Әлімжеттік пен тәртіп бұзушылықтан аулақ болу қажеттігі айтылды.
Іс-шара соңында «Өз қауіпсіздігің – өз қолыңда!» ұстанымы тағы да ескертілді.
Барлық оқушылар қауіпсіздік ережелерімен танысып, түсіндіру жұмысы жүргізілгені тіркелді.