Текст
«Біз біргеміз! Күш – бірлікте!» атты « ДосболLike» жобасы аясында іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара аясында өткізілген бөлімдер:
1. «Достық ағашы»:
Әр оқушы өзінің досына арнап жылы тілегін жазып, арнайы дайындалған «достық ағашына» ілді. Бұл оқушылардың бір-біріне деген ізгі тілектерін білдіріп, достық қарым-қатынасты нығайтты.
2. «Бірлік шеңбері» ойыны:
Оқушылар шеңбер құрып, бір-біріне жылы лебіздерін айтып, жіп арқылы «достық торын» құрды. Бұл ойын оқушылардың топ ішіндегі бірлігін, ұйымшылдығын арттырып, достықтың маңызын ұғындыруға бағытталды.
Нәтижесі:
Іс-шара оқушылардың достық қарым-қатынасын нығайтып, ұйымшылдыққа, бірлікке, сыйластыққа тәрбиелеуге оң әсерін тигізді.