5–8 сынып оқушылары және олардың ата-аналарының қатысуымен «Менің отбасым» атты спорттық сайыс денешынықтыру пән мұғалімдері Мальгаздарова А.С., Серикбол С ұйымдастырды. Сайыс салауатты өмір салтын насихаттау, отбасылық бірлікті нығайту, ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты арттыру мақсатында өткізілді.
Сайыс кезеңдері:
1. «Көпсайыс»
– Анасы секіртпемен межелі орынға жетеді;
– Бала жүреден отыра қосаяқтап анасын қуып жетеді;
– Әкесі өрмекші жүрісімен келіп, баланы әке-шеше айқастырылған қолдарына отырғызып, барлығы кері оралады.
2. «Арба»
– Отбасы мүшелері шеңбермен допты кедергілерден өткізеді. Шарты – допты дұрыс бағыттап, кедергілерді құлатпау.
3. «Арқан тартыс»
– Екі отбасы арқанның екі ұшын ұстап, белгі берісімен арқанды өздеріне қарай тартады. Күш пен ұйымшылдық сыналады.
Сайыс қорытындысы бойынша: