Өзін-өзі басқару күні аясында “Мұғалім орнына – оқушы” атты дублер күні ұйымдастырылды. Ұстаздарды таңғы құттықтау тілектерімен қарсы алды. Өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері ұстаздарға құттықтау қағазын табыстады.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін арттыру, жауапкершілік сезімін қалыптастыру, мұғалім еңбегінің маңызын ұғындыру және мектеп өміріне белсенді араласуға баулу.Шара барысында жоғары сынып оқушылары мұғалімдердің орнын басып, сабақ өткізді, мектептің күн тәртібі мен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға қатысты. Оқушылар өздерін мұғалім рөлінде сынап көріп, сабақ жүргізудің жауапкершілігін сезінді.Дублер күні барысында мектепте қызықты әрі көңілді атмосфера қалыптасты. Мұғалімдер оқушылардың белсенділігіне ризашылық білдіріп, олардың ұйымдастырушылық және шығармашылық қабілеттерін атап өтті.
Қорытынды: “Мұғалім орнына – оқушы” дублер күні жоғары деңгейде өтті. Іс-шара оқушылардың өзіне деген сенімін арттырып, ұстаз еңбегін қадірлеуге тәрбиеледі.