Іс-шараға 5–11 сынып оқушылары мен мектеп мұғалімдері белсенді түрде қатысты.
Сайлаудың мақсаты:
- Оқушылардың өзін-өзі басқару дағдыларын дамыту;
- Белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыру;
- Жауапкершілік пен көшбасшылық қасиеттерін арттыру.
Сайлау ашық әрі әділ түрде өтті. Дауыс беру құпия түрде ұйымдастырылып, арнайы дауыс беру жәшігі орнатылды. Үміткерлер өз сайлауалды бағдарламаларын таныстырып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Үміткерлер тізімі:
- 10 сынып – Булатов Айбар
- 10 сынып – Уалиев Жаслан
- 9 сынып – Махметова Асылжан
- 9 сынып – Қалди Еңлік
- 8 сынып – Түйметай Нұрсын
- 8 сынып – Тлех Алдияр
- 8 сынып – Иманғалиева Каусар
Сайлау барысында оқушылар мен мұғалімдер жоғары белсенділік танытып, үміткерлерге дауыс берді. Бұл іс-шара оқушылардың мектеп өміріне деген қызығушылығын арттырып, өз пікірін еркін білдіруіне мүмкіндік берді.