Текст
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың халық ауыз әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру, ертегілер мен батырлар жыры арқылы адамгершілікке, батылдыққа, тапқырлыққа баулу.Кітапханашы оқушыларға қазақтың ауыз әдебиетіндегі танымал ертегілер, батырлар жыры, олардың тәрбиелік мәні туралы түсінік берді. Балалар өздері білетін ертегілерден үзінді айтып, қызықты сұрақтарға жауап берді. Іс-шара оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытуға, туған халқымыздың рухани мұрасын құрметтеуге тәрбиелеуге оң әсер етті.