04.11.2025
22.10.2025 жылы «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Төңкеріс ауылының ЖОББМ» КММ ұйымдастыруымен «Ауыл мектептерінің 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі» өтті. Олимпиадаға барлығы 15 оқушы қатысты.
13 оқушы - I дәрежелі дипломмен марапатталды
1 оқушы - II дәрежелі дипломмен марапатталды
1 оқушы - III дәрежелі дипломмен марапатталды.
📝Ауыл мектептерінің 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңіне барлық пәндер бойынша қатысқан оқушыларымыз өз білімдерін көрсетіп, толық құрамда келесі – (екінші) аудандық кезеңге жолдама алды. Бұл оқушылардың ішінен облыстық кезеңге Махметова Асылжан оқушымыз өтті.
