Текст
Республика күніне орай «Республикам – мақтанышым» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі, мемлекеттік рәміздері, жетістіктері туралы түсінік беру, елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезім қалыптастыру.
Сынып сағаты барысында оқушылар:
– Республика күні туралы мәлімет алды;
– Тақпақтар айтып, патриоттық әндер орындады;
– Өз ой-пікірлерімен бөлісіп, сұрақ-жауап форматында белсенділік танытты.
Сынып жетекшілері іс-шараны мазмұнды өткізіп, оқушылардың туған еліне деген құрметін арттыра білді.