Әр оқу жылының қарсаңында «Мектепке жол» акциясының өткізілуі дәстүрге айналып келеді. Биылғы 2020-2021 оқу жылында да аталмыш шара жалғасын тапты.
Акцияның негізгі мақсаты – мектепке балаларды жинау балалардың оқумен қамтылмауын анықтау, балалардың мектепке себепсіз келмеуінің алдын алу, аз қамтылған отбасыларға және балаларға қамқоршыларды бекіту болып табылады. Бұл ретте акцияның негізгі міндеттерінің бірі – барлық балаларды міндетті орта білім алу құқықтарымен қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен тарту.
2021-2022 оқу жылында "Мектепке жол" акциясы аясында көп балалы және аз қамтылған отбасынан шыққан 8 оқушыға "Жаппай білім беру" қорынан жалпы құны 27900 теңге болатын әр оқушыға сертификат табысталды. Берілген суммаға ата-аналар балаларына спорт киім формасы және аяқ киім алды. жалпы суммасы 223200 теңгені құрайды. Сондай-ақ осы акция шеңберінде "Қадам" дүкеннің сатушысы Шаймерденова Галия Советовна 5000 теңге көлемінде қаржылай көмек берді. Берілген ақшаға 1-сынып оқушылары мен аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға оқу құралдары алынды. Акция шеңберінде көмек көрсетілген оқушыларымыздың ата-аналары демеушілерімізге өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, алғыстарын айтты