АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА АЛҒАШ РЕТ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ
4 наурыз күні Көкшетау қаласының әл-Фараби атындағы IT лицейінде «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытылуына жаңа көзқарас» атты І облыстық форум өтті.
Форумның мақсаты республикалық съез отырысында қойылған мақсаттар мен шешімдерді Ақмола облысының мұғалімдеріне жеткізу, жаңа әдіс-тәсілдерді еңгізу арқылы оқушылардың білім сапасын көтеру болып табылады. Жиын қатысушылары секция отырысында өз тәжірибелерімен, қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқыту сапасын арттыру, қашықтан оқыту кезіндегі олқылықтардың орнын толтыру мәселелерін талқылады және пән бойынша үлгілік оқу бағдарламасын жетілдіру туралы ойларымен бөлісті. Форумға мектебімізден қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Мусина А.Н. "Оқырманды ойшылдыққа үйрету" тақырыбында өз баяндамасымен бөлісті. Форум секциялық жұмыс және пленарлық бөлімдерінен тұрды. Секция жұмысында «Білім сапасын арттырудың тиімді жолдары», «Функционалдық сауаттылық-қазіргі білім берудің негізгі бағыты», «Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда қолданылатын инновациялық технологиялар», «Педагогтың кәсіби шеберлігі – білім сапасының негізі» тақырыптарын қамтыды.