Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары!
Өздеріңіз білетіндей,2020 жылы балаларды мектепке қабылдау ережелеріне Министрлік өзгерістер енгізді. Енді 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау жыл сайын 1 сәуір мен 1 тамыз аралығында өтеді.
1 сыныпқа 6 жастағы балалар қабылданады. Сонымен қатар,31 желтоқсанға дейін алты жасқа толған балалар да бірінші сыныпқа бара алады.
Ата-аналарға ыңғайлы болуы үшін қызмет толықтай автоматтандырылған және eGOV.kz порталы арқылы көрсетіледі.
Қандай құжаттар қажет?
- Ата-ананың өтініші (электронды түрде қалыптасады)
-Туу туралы куәлік ( электронды түрде қалыптасады)
- Баланың денсаулық паспорты ( 026/у-3 нысаны)
- Егу паспорты (065/у нысаны)
-Баланың суреті ( 3*4 өлшемді)
Балаларды мектепке қабылдау ережелері туралы барлық сұрақтар бойынша "Төңкеріс ауылының ЖОББМ"КММ (87165121460 номеріне) хабарласып, өзекті ақпаратты білуге болады.