"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Төңкеріс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Төңкеріс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Біз әлеуметтік желідеміз

 - Facebook

 - Instagram 

   - YouTube

 
Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Елбасы жолдауы – Ел келешегі

15.01.2018

Елбасы

жолдауы – Ел

келешегі

 

      Қазақстан Республикасы Президенті  Елбасының жолдауын халық

жыл сайын асыға күтуде. Елбасы   Қазақстан халқына Жолдауында бүгінгі қоғамдағы

аса маңызды мәселелерге баса назар аударды. Елбасының әр жылғы Жолдауы — тарихи құжат.

 

   Президенттің Қазақстан халықтарына жолдауын мұқият тыңдап

шықтым. «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа

мүмкіндіктері» Жолдауы жуық уақытта орындалуға тиісті жаңа өзгерістердің

бағдарламалық құжаты болып саналады. Орта  мектеп мұғалімі ретінде

Елбасы Жолдауын маңызды деп есептеймін.Білім беру саласын жаңа мазмұнға көшіру

еліміздің алдыңғы қатардан көрінуінің бірден бір айғағы деп ойлаймын.

  

Қазақстан оқушылары әлемдік деңгейде көріну үшін үш тілді жетік меңгеруі

керек,сондықтан  «Қазақстандықтардың болашағы – қазақ, орыс және ағылшын

тілдерін еркін меңгеруінде»  деген сөзі де маңызды болып

есептеледі. Бүгінгі таңда ағылшын тілін оқып меңгерген  мектеп

ұстаздарымыз кейбір пәндерді ағылшын тілінде жүргізіп,  оқушыларымыздың

білім деңгейін арттырып жатыр. Бұл да біздің қол жеткізген үлкен жетістігіміз деп ойлаймын.

    

Еліміздің болашағы -  жастарды тәрбиелеп, білім беру мұғалімдердің

құзыретінде болғандықтан, бұл мәселе де Елбасы назарынан тыс қалмады. Заман

талабына сай білім беру мұғалімдердің өз білімдерін қаншалықты жетілдіруіне

байланысты.  Президент  2018 жылы категориялар

арасындағы алшақтықты арттырып, мұғалімдер үшін біліктілік деңгейін ескеретін категориялардың жаңа кестесін енгізуді

тапсырды. Осындай бағдарламалар мемлекет тарапынан еліміздің болашағын

тәрбиелеуші ұстаздар туралы ойлайтындығы көңілге үміт береді.

  Мектебімізде

де жаңартылған бағдарламалар бойынша білікті ұстаз мамандары қажымай еңбек

етіп, үлкен жетістіктерге қол жеткіземіз деп ойлаймыз. Елбасымыздың жыл

сайынғы  Жолдауында білім саласына көп көңіл бөлініп,заман ағымына қарай

мақсат –міндеттер қоюымен қатар,ұстаздардың әлеуметтік хал-ахуалын көтеруді

көздегені мұғалімдердің қажымай еңбек етуіне жауапкершілік жүктейді.

 Президенттің

бүгінгі үндеуін қолдай отырып, барша қазақстандық еңбекқорлық, табандылық

танытады деп ойлаймын. Біздің мемлекет – мықты мемлекет, қойылған мақсаттарға

үлкен мүмкіндіктермен жетеді.

 

 

Серикбаева Н.К.

Тәрбие ісінің

меңгерушісі

Төңкеріс орта мектебі

 

Просмотров: 454

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст