"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Төңкеріс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Төңкеріс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Біз әлеуметтік желідеміз

 - Facebook

 - Instagram 

   - YouTube

 
Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қамқорлық айлығы

18.02.2017

«Қамқорлық»

 айлығында атқарылған  жұмыстар жайында ақпарат.

   №12 Орта мектеп  2016/2017 оқу жылының 10-шы қаңтар мен 10-шы

ақпан айлары аралығында аудандық оқу бөлімінен келген нұсқау  бойынша және 

жылдық жоспарға сәйкес  «жаппай

біліммен қамту» айлығын өткізді. Айлық белгіленген жоспар бойынша  жүрді.. 

 ..Тоқталып кетер болсақ:

-“Жалпыға бірдей білім

беру”айлығы жоспары

бойынша  үй аралау жұмыстары жүргізіліп

отырылады. Мақсаты: мектеп жанындағы оқушылардың барлығының білім алуын

қамтамасыз ету. Ауыл бойынша 14 шағын аудан бар әр шағын ауданға жауапты ұстаздар

бекітілген. Ауыл бойынша 0-18жас аралығында-347 бала ,26 студент,123 мектепке

дейін, 10 сырт мектепте оқитын және  5

жағдайы төмен отбасынан шыққан оқушылар, 16 көп балалы жанұя мен онда 37 оқушы

, 1 жетім оқушы,1 қамқорлыққа алынған оқушы  тіркелген. Барлық оқушылар арнайы дәптерлерге

жазылып тіркеуге алынды. Аталған жетім, толық емес жартылай  отбасынан шыққан  оқушыларға мектеп тарапынан, аудандық оқу

бөлімінен, ауылдық аймақтан көмек жасалып отырылады..

-Айлықтың

ең негізгі бөлімі Көмекті қажет ететін оқушыларға мейлінше қаражат

көзін тауып көмек жасау. Мектеп тарапынан 

жәрмеңке коммерциялық волейбол және ақылы би кештері өткізілді. Барша

жағдайы төмен оқушыларға  көмек

жасау  қаражатты қажет етеді. Сондықтан

осы акциядан түскен қаражат комиссия құрылып жоғарыда аталған категорияға ие  балалардың оқу құралдарына, киім-кешектеріне

жұмсалады. Түскен қаражат 25000тг. Арнайы комиссия осы ақшаға мектебіміздегі

жетім, жартылай отбасынан шыққан оқушыларға 

көмек жасау көзделген.

Атап айтар болсақ :

-Жағдайы төмен отбасынан шыққан оқушыларға 10000

теңгеге оқу құралдарын алып берілді.

-Жетім екі оқушыға 10000 тг көлемінде   спорттық аяқ киім, басқа да киім сатып әперілді.

Барлық қаражат жоғарыда аталған жағдайы төмен отбасынан шыққан оқушыларға

жұмсалмақ.

-Айлық

барысында  барлық сыныптарда «Қамқорлық»

атты сынып сағаттар өтті. Бастауыш сыныптары арасында «әдептілік  әліппесі» атты ертегілер сайысы өткізілді.  Әр сынып 

әр түрлі номинациялар бойынша жеңімпаз атанды. Жоғарғы сыныпта өткен

тәрбие сағатындағы оқушыларымен  әңгіме

«қайырымдылық» тақырыбында өрбіді.

-

Айлық барысында  қайырымдылық

би кештері өткізілді. Бұл кештер «Жас Ұлан» ұйымының басқаруымен өткізілді. Би

кештерінде викториналық сұрақтар, дебаттар ұйымдастырылды.

 -Дәстүрге айналған жылда

өтетін  волейболдан сайыс  биылғы жылы да өз орнын алды. Оқушылар өз

сыныптары атынан тәттілер сатты. Волейбол бойынша  оқушылар 

бірнеше командалар құрып ойын ойнады. - 

 

Айлық

қорытындысы: Айлық барысында  барлық

іс-шараларда өте белсенді ат салысқан сыныптар, ұстаздар, ата-аналар  марапатталды. Ең белсенді сынып 8 –ші сынып, ең белсенді  мектеп қызметкерлері арасынан-  шаруашылық жұмысшылары деп танылды да арнайы

мадақтама қағаздарымен марапатталыды.

Қорытындылай

келе айтарымыз:   «Адамның жақсысы –адамға пайдалысы» деген

ұлағатты сөз  ниеті түзу, қамқорлық  танытуды 

тек қана сөз жүзінде ғана емес іс жүзінде дәлелдей алған жөн. Жоқ

жітікке көмек жасау  игі ісі адамзат  жүрегіндегі мейірімділіктің шексіздігін

байқатады. Әр нәрсе адамның ниетінде  және осыны барынша көрсете білсек  нұр үстінен нұр болар еді!!!

Құрастырған

ТІО: Шакиров А.Т.......................................

2016/2017

оқу/жылы                                                                                       

Төңкеріс ауылы

Просмотров: 484

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст