«Ауған, сөнген шоқ,өшкен арман
Тек сенен Есте қалған...»
Ақмола облысы
Целиноград ауданы Төңкеріс ауылының №12 орта мектебінде Ауған Кеңес
әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 28 жыл толуына арналған Ауған
соғысының ардагерлерімен кездесу –кеші өтті. Кеш интернационалист жауынгер,
Ауған соғысының ардагері, Төңкеріс ауылының тұрғыны Әбильдинов Бекболат
Серікұлын еске алуға арналды. Еске алу кешіне Бекболат ағамыздың әйелі мен қызы
қатынасты. Сонымен қатар мектеп оқушыларымен кездесуге өмірінің өлшеулі бір
бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп,
тағдардың жазуымен елге аман- сау оралып,туған жерімен қауышқан майдангер
ағаларымыз Төңкеріс ауылының тұрғындары Ауған соғысының ардагерлері Оспанов
жанайдар Советұлы, Ибраев Марат Бекмағанбетұлы, Махметов Құнанбай Советұлы,
Тананбаев Сакен ағаларымыз келді. Көрші ауылдан (Максимовка) Жылқыбаев Мекебай сынды
ардагерлер де арнаулы кешке келіп, соғыс жылдарындағы кездерін еске алып,
оқушылардың бойына патриоттық күш беріп кетті. «Соғыс –зұлымдық.Жазықсыз
төгілген қан.Соғыс болмасын! Бейбіт өмір кешіп жүргенге не жетсін!» - деп
ардагерлер шерленді. Кештің арнайы қонақтары болған Ауған Ардагерлерінің Астана
қаласының Кеңесі Одағының бірінші орынбасары подполковник Бисекеев Ғалы
Ибрашевич, Целиноград ауданы бөлімінен Қорғанбеков Еркебұлан Сарсенгалиевич,
Қараөткелден АӘД пәні мұғалімі Жанбай Еркін, Ақмолдан АӘД пәні мұғалімі Ахманов
Жамбырбай Тоқтағалиевич, Тастыдан АӘД пән мұғалімі Қайралапов Сабитбек
қатынасты.
Еске алу кешінде
алғашқы құттықтау сөзін мектеп директоры Алжабаев Г.Н. берілді. Габдулкаким
Нуртаевич ауған соғысы ардагерлерінің еңбегі ерен екенін айтып, оларға зор
денсаулық тіледі.Сонымен қатар кешке ауыл имамы Хасенұлы бекболат қажы да
қатынасты. Бекболат қажы Әбильдинов Бекболат Серікұлына арнайы дұғасын оқып,
марқұмдардың жаны рақатта болуын тіледі. Еске алу кешінде мектеп оқушылары
жалынды тақпақтарымен, рухты әндерімен кеш қонақтарын риза қылды. 10-сынып
оқушысы Шакирова Алуа ауған соғыс ардагерлеріне арнап жүрек жарды өленің оқыды.
Кеш екі бөлімнен тұрды.Бірінші бөлімінде әдеби монтаж болса, екінші бөлімінде
спорттық волейболдан кубок ойнатылды. Спорттық волейболға көрші ауылдардан және
Астана құрамасы келді.1 –орын Қорғалжын командасы, 2- орын Астан «Жастар»
командасы, 3-орын Новоишимка ауылынан келген команда жеңіп алды.
Кешті ұйымдастырған және өткізген Төңкеріс
ауылының №12 орта мектебінің АӘД пәні мұғалімі Сагындыков Сатыбай Еслямович.Сатыбай
Еслямович тай құлындай тебісіп өскен
досы Әбилдинов Бекболаттың алдындағы
шынайы достық парызын осы кеш арқылы жеткізгісі келді. Сатыбай Еслямовичқа
отбасына амандық, деніне саулық, жұмысына шығармашылық табыс тілейміз!
№12 орта мектеп
ұжымы.