"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Төңкеріс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Төңкеріс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Біз әлеуметтік желідеміз

 - Facebook

 - Instagram 

   - YouTube

 
Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 28- жыл толуына арналған Абельдинов Бекболат Серікұлын еске алу және Төңкеріс ауылының АУҒАН соғысы ардагерлерімен кездесу кеші.

10.02.2017

Кеңес  әскерлерінің Ауған жерінен

шығарылғанына 28- жыл толуына арналған Абельдинов Бекболат Серікұлын еске алу

және Төңкеріс ауылының АУҒАН соғысы ардагерлерімен  кездесу кеші.

Мақсаты:«Ауған соғысы»-жайлы теңірек біліп тану,ардагер ағаларымен ашық танысу,сұхбаттасу;

Өз Отанына

шексіз берілген,патриоттық рухы жоғары,қайсар жауынгер

ағалардың

ерлігін үлгі ету;

Ауған

соғысында апат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге,есімдерін қастерлеуге

тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.

Өтілетін орны: мектеп,

спортзал.

Көрнекілігі:Слайд:                кітап сөресі.               Банер.

Кездесу кештің түрі:1.Ауған соғыс ардагерлерін, қонақтарды қарсы алу.

2.Қ.Р.Гимнінің

орындалуы.

3.Қонақтарды

таныстыру.

4.Құттықтау

сөз.

5.Ардагерлерге,қонақтарға

сөз беру.

6.Концерттік

бағдарлама.

7.Кубок

волейболдан

8.Қорытынды,марапаттау.

1 –жүргізуші Жалғас

Аят:

-Қайырлы күн құрметті де қымбатты қонақтар, ұстаздар мен

оқушылар! «Жастығын жалын шарпыған» атты 

«АУҒАН соғысының» аяқталғанына 28 жыл толуына орай Абельдинов Бекболат

ағамызды еске алужәне кездесу кешімізге

Бірге:Қош

келдіңіздер!

2-жүргізуші:Арсекеева

А.

-1979 жылы 

желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауған жеріне Кеңес

әскерлеріненгізу туралы шешім қабылданды.Соғыс –зұлымдық. Жазықсыз төгілген

қан. Тарих жылнамысынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың

бірі-Ауған соғысы.

1-жүргізуші: Жалғас

Аят.

Құрметті қонақтар, сол кезде қатерге  бел буып, батырлықпен  қайсарлықтың үлгісін көрсетіп,қаһармандық

танытқан, өздерінің Отан алдындағы парызына адал болған Ауған соғыс ардагерлеріне

арналған «Жастығын жалын шарпыған» атты еске алу кешімізді ашық деп

жариялаймыз.

(Мемлекеттік

Гимнді орындау).

2-жүргізуші: Арсекеева

А.

Азаматтық алу, бейбіт өмірге қол жеткізу қай халыққа да оңай

түспеген.Өткен әрбір соғыс мыңдаған, миллиондаған адам шығынын әкеліп, қаншама

мемлекетті күйретумен тарихта таңба болып қалды.

1-жүргізуші: Жалғас

Аят.

10 жыл бойы байтақ елдің тыныштығын бұзып, бұл дүниеден  бейхабар періштедей жаны пәк сәбилердің

шырылын шын батырған Ауғаныстандағы сұрапыл соғыс 9жыл  10 айға созылды.  Жау дейміз-ау, қолдан жасап жауынды,саясаттың

солақайы уландырған тамырды, бауырына бауыздап балдай ішкен Кеңестің ол

сұрапылды, дауылдызаманы еді.

2-жүргізуші:

Арсекеева А.

Осындай ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен  қанды шайқасқа қатысып, батылдықпен ерліктің

ерен үлгісін көрсеткен жерлестеріміз біздің ортамызда. Бүгінгі кешке қатысушы

қонақтарымызбен таныс болыңыздар.

1.Оспанов

Жанайдар

2.Ибраев Марат

3.Махметов

Құнанбай

4.Тананбаев

Сакен

 

2-жүргізуші:

Арсекеева А.

Бауыржан Момышұлы айтқандай: «Отан үшін отқа түс

күймейсің», «Айбындылық  аспаннан

түспейді», «Анадан ешкім батыр болып тумайды». Халқымыз қашанда  қахарман ұлдарын  пана тұтқан.

1-     

жүргізуші:

Жалғас Аят.

Құттықтау сөз кезегі мектеп директоры : Алжабаев

Габдулкаким Нұртайұлына  беріледі.

ӘН:  Ауғанистан. 

Орындайтын Ахмедин Нурбек

1-жүргізуші:

-Армысыздар, ауғандық жауынгерлер

Жырым бар жараланған,жаныңды емдер

Өлгендерді жәннәттә болсын жаны,

Тірілерің мың жаса, дәуірлеңдер.

Ерлік қылған ағаларым, аспан асты, жер үсті,

Біз сәндікке кимегенбіз деп шалбар менен бөрікті

Отан ана алдындағы өтеймін деп борышты,

Аттаныңдар, атқардыңдар соғысты.        

Ауғансоғысында мерт болған ерлердің рухына,

Бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген ағаларымызға басымызды иіп етейік!

 

Құттықтау сөз кезегі 

ауылдың  имамы Бекболат қажыға

беріледі.

 

1-жүргізуші:1989жыл

15 ақпан- Кеңесәскерінің ақырғы легі АУҒАН елінен біржолата әкетілді. Өткеніміз

өз ел есінде қалу жолында әр жылдың 15 ақпан күн- Ауған соғысына қатысқандарды

еске алу күні болып есептеледі. Бүгінгі күні арамызда осынау соғысқа қатысқан

ардагерлер ортамызда.

2-жүргізуші:Соғысқа

қатысқан жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталады. Бүгінде  Ауған соғысы қажет пе еді?-деген сұрақтар

қойылған кезде, біз еліміздің  сол

соғысқа қатысқан ұлдарын Отан  алдындағы

борыштарын адал атқарған азаматтар деп қадір тұтамыз.

 

Оқушы:    Кезім болды жүрген Ауған даласында,

                  

Өмір  менен  өлімнің 

арасында

Азаматтық 

борышты  өтеу  үшін,

                 

Құндыз бенен Джелолабад қаласында.

                 

Көрдік  көзбен, талай ерді қаза

болған,

                  Талай ана, көкірегі мұңға  толған

                  

Үстем  болсын, мерейлі  сарбаздардың

                  

Өз еліне аман-есен оралған.

Оқушы:Басталған  қалың қолың 

тасқын еді,

               

Бәрі де  таудың ұшқан  тас түлегі.

               

Қазақтың мұзды  балақ  қыранындай,

               

Сен  едің  жауынгердің 

бас түлегі.

Оқушы:  Жүректе оты жанған жігіт едің

               

Атаның  алып  қалған 

үміт –кегін.

Жөнелдің 

қарсы  бастап  қалың 

жауға,

 ҚАЗАҚТЫҢ

қайсар  ноян жігіттерін.

 

 ӘН: Туған жер орындайтын Советова Динара

Мырзабек Халида

 

1-жүргізуші:  Бүгінгі 

кешімізде ардақты да аяулы жауынгер ағамыз Абельдинов  Бекболат 

Серікұлының  деректеріне  тоқталайық.

 

                              11-сынып оқушысы

Каппар Қалдыбек.

Слайд:                                               

Ауған  жерінде.

2-жүргізуші:

Келеді  қос  жанары 

отша  жанып,

                       

Ағалардың  ерлігіне елі  қанық.

                       

Есімі  ешқашанда  ұмтылмайтын,

                       

Тарихта  аңыз  болып 

қалары  анық.

1-жүргізуші:

- Өтер жылдап, ауқыт тағы алыстап

Тағдыр талай тауқыметін табыстар.

Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың

Ауғандағы азап шеккен арыстар - деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамады, ерлік

өлмеді, замандарға жалғаса берді. Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық

жауынгерлеріміз, бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстарға белсенділіктері,

түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектері.

                 Сөз кезегін ауған соғысының

ардагерілеріне беріледі.

2- жүргізуші:«Ерлік -

жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір

бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп,

тағдырдың жауызымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер

ағаларымызбен кездесіп, бүгінгідей сұхбат жүргізіп, естеліктерін тыңдау – біз

үшін бір ғанибет.

1- жүргізуші:

Сұрақ-жауап:

Сұм  соғысты 

қалай  еске  аласыз?

Ауғаныстанның  қай 

жерінде  ұрысқа  қатыстыңыз?

Ауған  соғысына 

әскерде  жүріп  аттандыңыз ба?

Сіздің

Ауған  соғысына аттанғаныңызды  туыстарыңыз 

білді ме?

Сіздермен  шақырылған 

жігіттердің  қаншамасы  елге 

оралмады?

Соғысқа шақырту

алғанда қай жерде әскери борышыңызды өтеп жүр едіңіз?

Соғыс кезіндегі

қиындықтарды айтып берсеңіз?

Ауған соғысына

аттанар алдында соғыстың мақсат — мүддесі түсіндірілді ме?

Кеңес әскері

Ауғанстан жерінен шығарылатынын естігенде қандай сезімде болдыңыздар?

Бүгінгі таңда

елімізде 10000 — ға жуық Ауған соғысының ардагерлері бар екен. Сіздер бір —

біріңізбен майдандас ретінде хабарласып тұрасыздар ма?

Кейінгі ұрпаққа айтар тілектеріңіз?

 

Ән:  Офицеры.орындайтын Шакиров А.Т. Сагындыков

С.Е.

1-жүргізуші:

Біліммен 

қашанда  жақсы  өлмесін,

Ұмытылмас жылдар 

өтіп  қастерлі елім.

Әркімнің 

көкірегінен  көрем  ылғи,

Ауғанның  батырының

жас бейнесін

2-жүргізуші:

Еске алып құрметтейміз,

Құрбандардың рухын.

Қабірлері нұрға толсын,

Суық көрде жылынсын.

Есіл ерлер ескерткішке

Айналсаң да біз үшін

Мәңгі бақи тірісіңдер, тірісің!- деп

Ауған соғысына  қатысып, қайтыс

болған  жауынгерлерімізді 1 сәт еске алайық.

1 минут  еске  алу 

сәті.

 ӘН: 

Өз елім орындайтын Серикбай Дина

2-жүргізуші:

- Ер қадірін назарын тасалаудан

Қай ел тауыпты?

Ия, Ерлікті жасамаудан

Бағаламау әлде – қайда қауіпті – деп Мұхтар ағамыз жырлағандай, еліміздің

қайсарлы қаһармандарын ұмытпауымыз керек.

1-жүргізуші:Статистика бойынша

- Ауған жеріне 23. 000 жерлестеріміз аттанып, борышын атқарды.

- 761 жауынгеріміз қаза тауып, қазақ жеріне жерленді.

- 26 жауынгер із – түссіз жоғалған.

- 1000 адамнан астам инвалид мүгедекке шалынды.

- 1000 жауынгерден астам өз жеріне оралып, алған түрлі жарақаттарының кесірінен

ауырып қаза болды.

Шакирова Алуаның ардагерлерге арналған

өлеңі.

Ән: Война.

Орындайтын  Ахмедин  Нұрбек.

 1-жүргізуші:

Мен қазақпын, ұланымын елімнің,

Мен қазақпын, тірегімін жерімнің.

Ұланымын туын көкке көтерген,

Болашаққа алға бастап жетелер.

Қиындығын қазағымның әр қашан

Қайыспайтын қара нардай көтерер.

2 жүргізуші:

Ендігі, өсіп келе жатқан тәуелсіздік елдің болашақ жауынгерлеріне

шақырушының тіркеу туралы күәліктерін тапсыруға рұқсат етіңіздер.

/Вручение приписных свидетельств юношам - допризывникам/

                                                  

Ән:. Орындайтын  Советбек аға.

1-жүргізуші:

Қазақ жері – қонақ жай төрдің жері,

Қазақ елі - Қазақтай ердің елі

Елі кедей болмаған – жері байтақ,

Елі ердей, Бабырдай шерлек елі.

Азат бүгін, байлыққа тұнған жерім

Азат бүгін, ел жоғын қуған ері.

Әділет пен билікке жанын қиып,

Әділ өткен билердің туған жері.

10сынып оқушысы:

Тулеубай Әділ

(Хормен бірге орындауында « Көк тудың желбірегені»).
2 жүргізуші:
Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 28 жыл өтсе де, сол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс жарасынан айыға алмай келеді. Бүгін өзімізбен бірге сыр елінің көсегесін көтеруге атсалысып жүрген ауғандық ардагерлер жауынгерлерді қадірлеп - құрметтеу – біздің борышымыз дей отырып, келген қонақтарға алғысымызды айтамыз.

1-жүргізуші:Құрметті қонақтар! Бейбіт өмірдің баға жетпес бақытты күндерінде амандықпен дидарласайық!

Просмотров: 500


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст