Текст
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
«ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУМЕН «Ұлы Даланың – Ұлы перзенттері» тақырыбында аудандық магистр дәрежелі тарих пәні мұғалімдерінің аудандық ғылыми – тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияға тарих пәні мұғалімдері, магистр дәрежелі педагогтер және қашықтықтан Целиноград ауданы бойынша мектеп мұғалімдері қатысты. Конференция аралас форматта өтті. Целиноград ауданынан 47 мұғалім қатысып, 15 магистрант баяндама жасады. Конференция қатысушыларына сертификаттар беріледі. Баяндама жасаған мұғалімдер алғыс хатпен марапатталады.